Тау шыңдарына үш бидің есімі беріледі

Тау шыңдарына үш бидің есімі беріледі

Тау шыңдарына үш бидің есімі беріледі
ашық дереккөзі
1473
Бүгін Түркістан облысында «Бұл – біздің таулар!» фестивалі басталды. Үш күнге созылатын іс-шара «Сайрам-Өгем» мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағында өтеді, деп хабарлайды otyrar.kz. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған фестивальге Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан 30-ға жуық альпинист арнайы келген. Биік шыңдарды бағындыруға бет алған альпинистерге Түркістан облысының ақсақалдары батасын беріп, салтанатты түрде шығарып салды. Бұл іс-шараның мақсаты – ішкі, спорттық-экологиялық туризмді дамыту, облыстың туристік әлеуетін насихаттау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру. Биылғы фестиваль қазақ халқының ұлы қайраткерлері –Төле, Қазыбек және Әйтеке биге арналған.  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3 шыңға 3 бидің аты беріліп, альпинистер сол 3 шыңды бағындырады. Фестиваль аясында велошеру және ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама да бар.    

Серіктес жаңалықтары