304
Үндістанда топан судан қаза тапқандар саны 37-ге жетті
Үндістанда топан судан қаза тапқандар саны 37-ге жетті
Үндістанның Керала штатында су тасқыны салдарынан қаза тапқандардың саны 37-ге жетті. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, сел жүрген аудандардан 15 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілген, деп хабарлайды Хабар 24.
Штатта жедел көмек көрсету үшін барлығы 500-ден аса лагерь ашылды. Төтенше жағдайлар бойынша эвакуациялық операцияны елдің теңіз және әуе әскери күштері, жағалау күзеті жүргізіп жатыр.