Грекияда төтенше жағдай жарияланды

Грекияда төтенше жағдай жарияланды

Грекияда төтенше жағдай жарияланды
ашық дереккөзі
274
Құрлықтық Грекия облысының губернаторы Костас Бакояннис жексенбіде Эвбея аралындағы Дирфион-Мессапион муниципалитетінде алапат орман өртіне байланысты төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды. «Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өртті сөндіруге көмектесіп жатыр. Қазір ғана төтенше жағдай жарияладық. Баршаны полиция мен өрт сөндірушілердің нұсқауларын орындауға шақырамыз», - деп жазды Бакояннис Фейсбуктегі парақшасында. Өрт сөндірушілердің сөзіне қарағанда, Дағдарыстарды басқару жөніндегі кеңес құрылып, ішкі істер министрі Панос Скурлетистің қатысуымен жиын өткізген. Әзірге өрттің негізгі ошағын ауыздықтаудың сәті түспей отыр. Өрт ошағында орналасқан Кондодеспоти кенті, оған көршілес отырған Ставрос елді мекені эвакуацияланған. Эвбеядағы өртті сөндіруге 186 адам, 62 техника жұмылдырылған. Билік өкілдерінің айтуынша, Эвбеядағы өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ, өңірде тек екі үй жанып кеткен. Елді мекенді айнала өсіп тұрған ормандар жалын құшағында қалған. Оның үстіне желдің күшеюі өрт сөндіру жұмыстарын қиындата түсуде. Еске сала кетейік, Грекияда биылғы жазда алапат өрттер толастамай тұр. Өткен айдың аяғында Аттикада өрт салдарынан қаза тапқандардың саны 70-тен асқан болатын.  

Серіктес жаңалықтары