Семейде көмір бағасы 1 қаңтарға дейін қымбаттамайды

Семейде көмір бағасы 1 қаңтарға дейін қымбаттамайды

Семейде көмір бағасы 1 қаңтарға дейін қымбаттамайды
ашық дереккөзі
506
Семейде көмір бағасы 1 қаңтарға дейін қымбаттамайды. Бұл туралы қала әкімі Ермак Сәлімов «Қаражыра» АҚ қызметкерлерімен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Семейде биыл қатты отынның бағасы өзгермейді. Қазір «Қаражыра» кен орнынан тоннасы 6200 теңгеден босатылып жатыр. Семейде 7400 теңгеден сатылуда. Ал қоймадағы  көмір қоры жеткілікті. Сондықтан биыл аймақ тұрғындары қатты отын тапшылығын сезінбейді.  Кеннен 2017 жылы 7 млн тонна көмір өндірілсе, биыл 8 млн-ға артып отыр. Сондықтан қазір қосымша техникалар сатып алу үшін жыл басынан бері 9 млрд теңге шамасында  инвестиция салынған екен. Дегенмен мәселе де жоқ емес. Оның бірі отын жеткізетін вагондар, екіншісі - алыпсатарлар мәселесі. Бүгінде вагон тапшылығынан кен орны көмірді діттеген жерлерге жеткізе алмай отыр. Алайда қала басшысы Ермак Сәлімов аталған мәселе таяуда шешілетінін жеткізді. Ал алыпсатарлармен күресті күшейту мақсатында аранайы жоба әзірленуде. «Көмір бағасы  жыл соңына дейін тұрақты болады. Бұл келісілген. Ал көмір мөлшері жеткілікті. Тек соңғы 2 айда вагондардың жетіспеушілігінен жоспардан кешігіп жатырмыз. Бірақ бұл мәселе жақын күндері шешімін тапса, алға қойған жоспарымызды орындаймыз деп ойлаймын»,- деді «Қаражыра» АҚ директоры Марғұлан Мәкішев.  

Серіктес жаңалықтары