Түркиядағы елші Абзал Сапарбекұлы Түркия Республикасы Дін істері басқарамасының төрағасы Али Ербашпен кездесті

Түркиядағы елші Абзал Сапарбекұлы Түркия Республикасы Дін істері басқарамасының төрағасы Али Ербашпен кездесті

Түркиядағы елші Абзал Сапарбекұлы Түркия Республикасы Дін істері басқарамасының төрағасы Али Ербашпен кездесті
ашық дереккөзі
714
Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия Республикасы Дін істері басқарамасының төрағасы Али Ербашпен кездесті. Жүздесу барысында елші А.Сапарбекұлы Дін істері басқармасының басшысын жаңа қызметімен құттықтай отырып, 10-11 қазан аралығында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің VI отырысына дайындық жұмыстары туралы мәлімет берді. Бұдан бұрын өткен съез отырыстарында көтерілген көкейкесті тақырыптар мен өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды. Қазақстанның ұстанып отырған көпвекторлы саясаты мен бейбітшілікті орнату бойынша атқарып отырған оңтайлы істерін атап өтті. Сонымен қатар, А.Сапарбекұлы руханият және мәдени-гуманитарлық сала бойынша екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейде жалғасып отырғандығын жеткізді.  width=Өз кезегінде, ТР Дін істері басқарамасының басшысы елшіге алғыс айтып, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының Басшысы Қ.Тоқаевтан келіп түскен арнайы шақыртуына ризашылығын білдірді. Халықаралық тұрақтылықтың сақталуына  елеулі үлес қосып отырған съездің кезекті отырысына қатысатындығын жеткізіп, съездің дайындық жұмыстарына сәттілік тіледі. Әңгіме барысында А.Ербаш дін саласы бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықтың жоғары деңгейде жалғасып отырғандығын және алдағы екі жақты өзара сапарлар барысында оны одан ары жандандырудың жолдары талқыланатынын  жеткізді.

Серіктес жаңалықтары