936
Қазақ пен Қырғыз бір туған
Қазақ пен Қырғыз бір туған
17 тамызда Астанада өткен VII қырғыз-қазақ үкіметаралық отырысынан кейін тараптар арасындағы түйінді түйткілдер оң шешілген сияқты. Соның бірі Қазақ-қырғыз шекарасы. Осы уақытқа дейін екі ел тұрғындары мен туристер «Кен-Булун Автожол» және «Токмок Автожол» бақылау-өткізу бекетінен өткен кезде бірқатар кедергілерге кезіккен. Үкіметаралық отырыстың нәтижесінде бұл бақылау бекеттері туристерге ыңғайлы, яғни көп жақты болып өзгертілмек. Бұл қос тарапқа да тиімді. Өйткені екі ел туризмі осыдан кейін қарқынды дамитыны сөзсіз.
2003 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан мен Қырғызстан үкіметі қол қойған мемлекеттік шекарадан өткізу туралы келісімге бірқатар өзгерістер енгізіледі. Хаттама күшіне енгеннен кейін кеден бекеттері жан-жақты деңгейде жұмыс жасайды. Бұл «Ақ-Тілек Автожол» және «Ақжол Автожол» өткізу бекеттерінің де жұмысын жеңілдетеді. Бұдан бөлек, шетелдік туристер Ыстықкөл облысына «Кен-Булун» және «Токмок» өткізу бекеттері арқылы еш кедергісіз өту мүмкіндігіне ие болады.