Бұрынғы бай ел неге тозды?

Бұрынғы бай ел неге тозды?

Бұрынғы бай ел неге тозды?
ашық дереккөзі
266
Венесуэладағы дағдарыс салдарынан халық жаппай көшіп жатыр. Тұрғындардың көбі Перуге қарай беттеуде. Соңғы ресми деректерге сәйкес, қазір 400 мыңнан аса венесуэлалық Перуде жүр. Мамандар олардың 90 пайызы соңғы бір апта ішінде келгенін айтады. Ушыққан жағдайға байланыс­ты Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар мәселесі жөніндегі жоғарғы басқарма комиссары мен Халықаралық миграция ұйымы қаржылай көмек көрсетпек. Осы екі мекеме Венесуэла босқындарын қабылдап жатқан елдерге 46 және 32 миллион доллардан бөліп бермек. Айта кету керек, сарапшылар Венесуэла инфляциясы осы жылдың соңына дейін 1 миллион пайызға жетеді деп болжап отыр. Қазіргі уақытта тамақ өнімдері 200 пайызға қымбаттаған. Елдегі экономикалық дағдарысқа мұнай бағасының төмендеуі әсер етті. Еске сала кетсек, осыдан жарты ғасыр бұрын Венесуэла Латын Америкасындағы ең бай мемлекеттер қатарында болатын. Сонымен қоса Венесуэла қара алтын қоры бойынша әлемдегі бірінші үштікке кіреді.

Серіктес жаңалықтары