Конгодағы қауіпті кесел

Конгодағы қауіпті кесел

Конгодағы қауіпті кесел
ашық дереккөзі
365
Конго Демократиялық республикасында Эбола вирусы кең тарауда. Вирус жұқтырғандар саны 63-тен асқанын әлемдік БАҚ жарыса жазып үлгерді. Тіпті, денсаулық сақтау министрлігі вирус туғызған 22 өлім жағдайын тіркеген. Қазірде арнайы жасақ пен еріктілер вирус жұқтырған аймақты барлап, көмек қажет жандарға арнайы екпелер егуде. «Жалпы оқиғалар саны – 90, оның 63-і расталды, тағы 27 жағдай анықталу үстінде» деп мәлім етті Конго Республикасының денсаулық сақтау министрлігі. Конгода осымен оныншы рет вирус таралып отыр. Эболаның негізгі ауру ошағы деп табылатын бұл мекенде 1976 жылы аттас өзеннен дәл осы вирустың алғашқы белгілері анықталған еді. Гвинея, Сьерра-Леона мен Либерия ауыр зардап шегіп жатқан аймақтар қатарында. Вирус жұқтырғандар саны күн санап артуда. Күні бүгінге дейін эбола вирусын 11 мыңнан астам адам жұқтырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеселдің алдын алатын вакциналарды дайындап, сынақтан өткізуде. Бұл вирус өлімге апарып соқтыру көрсеткіші бойынша ерекшеленеді. 17 тамызда медицина қызметкерлері 500-ден астам адамға екпе жасаған болатын. Эбола вирусын жұқтырған адамның ыстығы көтеріліп, қалтырап-дірілдей бастайды, жүрегі айнып, лоқсиды. Қан кетеді. Вирус ошағынан ауру тараған кезде қазаға ұшырау көрсеткіші 25-90 пайыз аралығында болады.

Серіктес жаңалықтары