Қазақ балалары һәм «Junior Eurovision»

Қазақ балалары һәм «Junior Eurovision»

Қазақ балалары һәм «Junior Eurovision»
ашық дереккөзі
421
Биыл Қазақстан тұңғыш рет балаларға арналған «Евровидение-2018» ән байқауына қатыспақшы. 2018 жылдың 25 қарашасында Минск қаласында өтетін «Junior Eurovision Song Contest 2018» байқауында 19 мемлекет бақ сынамақ. Оның ішінде Қазақстан алғаш қатысып жатқан ел қатарында. Байқаудың шарты бойынша жобаға өзінің авторлық әні бар 9-14 жас аралығындағы балалар қатысады. «Балалар Еуровидениесі» өзі­нің 15 жылдық тарихында Еуропа мемлекеттерімен қатар әлем­нің өзге де елдеріне танылып үлгер­ді. Жыл сайын байқауды көру үшін теле­дидар алдына миллиондаған көрер­мен жиналып, жас әншілер­дің өнерін тамашалайды. Қазақстан атынан шығатын қаты­сушыны анықтау үшін «Хабар» агенттігі республикалық іріктеу жариялады, олар 22 қыркүйек күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетілетін гала-концертте өнер көрсететін болады. Елімізде өтетін іріктеу сынында төрелік ететін қазылар арасында Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, белгілі композитор Ринат Ғайсин, музыкалық продюсер Бағым Мұхитдинова, халықтың сүйікті әншілері Мейрамбек Беспаев, Қайрат Нұртас, Димаш Құдайберген және Мәдина Сәдуақасова сынды танымал тұлғалар бар. Конкурс нәтижесі бойынша финалистер анықталып, Беларусь мемлекетіне жол тартады және 25 қараша күні Минск қаласында Қазақстан атынан қатысатын баланы көрермен даусы анықтайтын болады. Байқау финалын да арна тікелей эфирден көрсетпек. «Балалар Еуровидениесі» елі­міз­дің музыкалық өмірінде, сондай-ақ, халықаралық аудиторияда өнер көрсетуге мүмкіндік алатын жас әншілер үшін тарихи оқиға болмақ. Мамандар биылғы өнер жарысы алдыңғы жылдармен салыстырғанда қызықты өтеді деп болжап отыр. Себебі байқауға 19 мемлекет қатысатыны расталған. Бұл – балалар «Еуровидениесі» тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Серіктес жаңалықтары