Бұйрықтық іс жүргізу өндірісінің өзіндік артықшылықтары

Бұйрықтық іс жүргізу өндірісінің өзіндік артықшылықтары

Бұйрықтық іс жүргізу өндірісінің өзіндік артықшылықтары
ашық дереккөзі
749
Алматы қаласының Алатау аудандық сотында «Бұйрықтық іс жүргізу өндірісі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Аудандық сот, прокуратура өкілдері мен ІІБ тергеу бөлімінің қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары қатысқан шара тізгінін Алатау аудандық сотының судьясы Нұржан Карабаев ұстады. Судья Нұржан Ерубайұлы ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне (ҚПК) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №118-VI Заңымен енгізілген толықтыруларға тоқталды. Ол бұйрықтық іс жүргізу өндірісін қолдану шарттарын тағы бір еске салып, сотқа бұйрықтық өндірісті қолдану туралы Қаулыларды жіберу тәртібін, бұйрықтық өндірістегі істер бойынша прокурордың іс-әрекетін, бұйрықтық өндіріс тәртібіндегі айыптау үкімінің құрылымы мен мазмұнын, шағымдану мен бұйрықтық өндіріс тәртібіндегі қылмыстық істерді және айыптау үкімдерін тоқтату туралы қаулылардың заңды күшіне ену шарттарын жіберу тәртібі туралы толықтырулар ҚПК-нің «Бұйрықтық іс жүргізу» деп аталатын 13-1 бөлімінде көрсетілгенін айтты. Сонымен қатар, «дөңгелек үстел» модераторы Нұржан Карабаев қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша іс қандай жағдайда бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралуға жататынын еске салды. «Аталмыш кодекстің 629-1-бабының 4-бөлігінде көзделгендей, күдікті істі дәлелдемелерді зерттемей, өздерін істі сотта қарауға шақырмай және қатыстырмай, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы өтінішхат мәлімдесе, ал жәбiрленушi, сондай-ақ азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер (олар іс бойынша қатысқан жағдайда) бұған келісім білдірсе, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады. Істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қараудың өзіндік артықшылықтары бар. Яғни, ол процесуалдық шығындарды үнемдеп, істің жедел түрде қаралуын және сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді», — деді Нуржан Ерубайұлы «Дөңгелек үстел» соңында қатысушылармен бұйрықтық іс жүргізуді қолдану барысында туындайтын мәселелер талқыланып, оларды тиімді реттеу жолдары сөз болды.

Серіктес жаңалықтары