367
Батырлардың көзін көрген ғимарат
Батырлардың көзін көрген ғимарат
Сан жылдық тарихы бар мұндай ғимараттар ел ішінде аз емес. Батыс Қазақстан облысында осындай 2 мыңнан астам тарихи мәдени нысан бар. Соның бірі Ақжайық ауданына қарасты Атамекен ауылындағы шағын музей. Екі ғасырлық тарихы бар ғимаратты ауыл тұрғындары жамап-жасқап, өз күштерімен ретке келтіріп алған. Кемінде 200 жылдық тарихы бар бұл ғимараттың аман қалуына мектеп аумағында орналасуы себеп болған. Кейін жанашыр жандардың көмегімен жөнге келтіріліп, музейге айналған. Ауылда мұндай тарихи ғимараттар аз емес. Солардың бірінің жертөлесінде ұлт-азаттық күрес қаһармандары Махамбет пен Сырым батырлар уақытша қамауда болған деген де дерек бар. Өкінішке қарай, бұл үйлердің көбі қараусыз қалғандықтан жойылып кеткен.
«Бұл ғимарат көне, патша заманынан қалғандықтан ешқандай жөндеу көрмегендіктен төбесінен тамшы ағып, көктемде қар еріген кезде көп қиыншылық көреміз. Сыртында әлі 2-3 бөлме, түрмеге лайықты жертөле қараусыз тұр. Олар жылдан жылға ескіріп, бұзылуда», – дейді өлкетанушы Жәнібек Әбілпейісов.
Жалпы, ғимаратының өзі тарих тұнған музейде 600-дей жәдігер жинақталған.