Тайфунға байланысты 900-ден астам әуе рейсі тоқтатылды

Тайфунға байланысты 900-ден астам әуе рейсі тоқтатылды

Тайфунға байланысты 900-ден астам әуе рейсі тоқтатылды
ашық дереккөзі
253
 Жапонияның батысына «Трами» атты сұрапыл тайфун жақындап келеді. Жапон метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, тайфун елдің батысындағы Kochi префектурасында, Ashizuri мүйісінен оңтүстік-батысқа қарай 90 шақырым жерде 45 км/сағ жылдамдықпен соғып тұр. Кансай халықаралық әуежайы дүйсенбіге дейін жабық. Минамиосуми және Якусима қалаларында, Кагосима префектурасында жауған жауын-шашын сағатына 120 мм-ге дейін жетіп отыр. 900 әуе рейсі тоқтатылып, соның салдарынан 70 мың жолаушы жолынан қалған. Токио, Син-Осака және Хиросима арасындағы теміржол қатынасы да қиындаған. Батыс Жапониядағы көптеген жергілікті теміржол қызметтері жұмысын тоқтатқан. Соңғы мәлімет бойынша, тайфуннан кемінде 50 адам зардап шеккен.  Атап өтейік, биыл Жапония бірнеше тайфунға төтеп беруге мәжбүр болды. Соның ішінде «Прапирун» тайфуны Батыс Жапонияға нөсер жауын, су тасқыны, лай көшкінін алып келді. 4 қыркүйек күні «Джеби» тайфуны салдарынан Кансай халықаралық әуежайының терминалы мен ұшу-қону жолағын су басқан болатын.

Серіктес жаңалықтары