Ғ. Мүсірепов театры «Райымбек! Райымбек!» спекталін қояды

Ғ. Мүсірепов театры «Райымбек! Райымбек!» спекталін қояды

Ғ. Мүсірепов театры «Райымбек! Райымбек!» спекталін қояды
ашық дереккөзі
278

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 70-ші маусымының шымылдығын ашады. Мерейтойлық маусымға театр ұжымы 2 бірдей премьера дайындаған. Оның бірі ақиық ақын М.Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» (поэтикалық тарихи драма), екінші қойылым  «Алтын мүйізді киік» (Халық ертегілерінің ізімен, балаларға ертегі) екен. 

Салтанатты ашылудың арнайы шаралары 16:30 да, 15 қазан 2015 ж. басталады. Театрдың баспасөз бөлімі ұсынған премьералық спектальдердің қысқаша таныстырымын ұсынамыз.

 «Алтын мүйізді киік»

(Халық ертегілерінің ізімен, балаларға ертегі)

          Авторы және режиссері – Е.Әбдірешов

Ертегідегі негізгі кейіпкер – Ертегінің өзі. Ғайыптан келген кейіпкер қазіргі балалардың қиялына еніп, оларды ертегілер әлеміне саяхат жасатады. Шым-шытырық оқиғалармен араластырып, барлық ертегінің түпкі айтар ойын бірге табуға шақырады. Ойнақы болса да ойға жетелей отырып, бала көңілін жақсы әсерге бөлейді. Ертегі өз патшалығының жарлығын жеткізу үшін әбден әуреге түседі.

Аяғында, барлық балаларды адамгершілік пен мейірімділікке, табиғат-ананы аялауға шақыратын жарлықты жеткізеді. Тәрбиелік мәні ерекше бұл ертегінің бүлдіршіндер мен балаларға берері мол, әсері зор.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ

«Райымбек! Райымбек!»

(поэтикалық тарихи драма)

Авторы      – М.Мақатаев

Режиссері мен инсценировкасын жасаған – М.Ахманов, ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері

Еліміздің азаттығы жолында қан кешіп, кең байтақ жерімізді қорғаған батыр-баһадүрлеріміз аз емес. Қазақ елінде ұрпаққа тарихымыздан тағылым бере алатындай тұлғаларымыздың қатарында қасқайып тұрар батырларымыздың бірі – Райымбек. 13 жасынан атқа қонып, батырлық пен әулиелік қатар дарыған қасиетімен танылған батырдың, бозбала шағынан жігіт шағына дейінгі ерліктерін, ерекшеліктерін сүбелі суретпен күрделі шиеленістер арқылы айшықтайтын драма.

«Елім-айлаған» елдің зарын, «Ақтабан шұбырынды», «Зар-заманның» үні, «Ақтандақтардың» ізі, «Ашаршылық», ұлт үшін қасақана жасалған қырғындар, міне, осының бәрін өн бойына арқау еткен «Райымбек! Райымбек!» спектаклінің жүгі ауыр екенін бүгінгі ұрпақ білуі тиіс.

 

Баспасөз бөлімі

Серіктес жаңалықтары