Қажылардың Меккеден елге оралу мәселесі бір жолға қойылды
Қажылардың Меккеден елге оралу мәселесі бір жолға қойылды
Қажылардың Меккеден елге оралу мәселесіне қатысты Наиб мүфти баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз мәлімдеді.
«Қажылық миссиясының алдын-ала жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде 500 орындық ұшақ еліміздің қажыларына қызмет көрсетуде. Келісім бойынша ұшып келудің жаңа кестесі жасалды. Қазіргі уақытта қазақстандық қажылар Джидда - Алматы бағыты бойынша елге аман-есен оралуда. Қажылық компаниялар Меккеге барған қазақстандықтардың әуежайға уақытында келу жағын ұйымдастырып жатыр. Жалпы айтқанда биылғы қажылық маусымы соңына таяп келеді. Отандастарымыздың барлығы жоспарланған үш рейспен елге оралатын болады», - деді наиб мүфти Серікбай қажы Ораз.
Жиын барысында наиб мүфти Серікбай қажы Ораз ақпарат құралдары тілшілерінің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ наиб мүфти сұхбат барысында журналисттерге қажыларды тасымалдау жұмысына қатысты шешімін таппаған күрделі мәселелердің жоқ екеніне тоқталып, ұшақтардың ұшу кестесі жүйелі түрде орындалып жатқанын жеткізді.
ҚМДБ баспасөз қызметі