Алматы: 50 жылдың тынысы суреттерде

Алматы: 50 жылдың тынысы суреттерде

Алматы: 50 жылдың тынысы суреттерде
ашық дереккөзі
361
11 қазан күні Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында «Вечерний Алматы» газетінің 50 жылдығына «Вечерка, оқиғалар, адамдар» және «Алматы ақшамы» газетінің 30 жылдығына арналған «30 жылдың 30 сәті» атты фотокөрме ашылды. Көрмеде редакцияның қызметкерлерімен қатар, газетпен ұзақ жыл бірге қызмет атқарған штаттан тыс фототілшілердің де сексеннен астам жұмыстары қойылды. Олардың қатарында – бірінші штаттағы фототілші Вячеслав Коморский, газеттің қазіргі фототілшісі Қайрат Қонысбаев, «Медеу» фотоклубының басшысы Валерий Коренчук және клубтың фотосуретшілері Ғаяз Мұхамеджанов, Владислав Елагин, Максим Золотухин, Ольга Коренчук және жарты ғасырдан астам өмірін суретке арнаған Владимир Шургаев бар. Кешке КСРО Халық артисі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерінің иегері Асанәлі Әшімов пен қалалық мәслихат депутаттары, газеттің алғашқы оқырмандары қатысып, ару қала Алматының тарихынан біраз сыр шертісті. Сондай-ақ, келген қонақтар қала өмірінің айнасына айналған екі газет ұжымын мерейтойларымен құттықтап, ыстық лебіздерін жеткізді. Газет шыға бастаған жылдардан бері жарияланған суреттер Алматының өткені мен бүгінінен сыр шертіп тұр. Қаланың тарихымен танысам дейтін барша тұрғындар үшін аталған көрменің есігі 11 қарашаға дейін айқара ашық болмақ.

Серіктес жаңалықтары