755
Алматыда «Алтын жүрек» сыйлығына басты үміткерлердің есімі белгілі болды
Алматыда «Алтын жүрек» сыйлығына басты үміткерлердің есімі белгілі болды
«Алтын жүрек» сыйлығына кім лайықты?
5 қазан күні Алматы қаласында қайырымдылық аясындағы «Алтын Жүрек» сыйлығының үздік номинантары анықталды.Биыл барлығы 300 өтінім келіп түсті.
«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының ұйымдастырушылары 12 жыл қатарынан еліміз бойынша нағыз мейірбан, жаны жомарт жандарды іздеп келеді. «Қайырымдылық» сынды асыл қасетті бойларына сіңірген алтын жүректерге алғыс айтып ел алдында мадақтап, марапаттап жүр.
Аталмыш шара жылсайын «Baurzhan» қорының бастамасымен, «Нұр Отан» партиясы, «ПетроКазахстан» АҚ және Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.
Осы жылдар ішінде «Алтын жүрек»- қайырымдылықтың нышаны іспеттес, қазақ халқының мейірімді әрі атымтай жомарт жандарға бай екенін байқатып келеді. Бес ай бойы ұлттық сыйлық ұйымдастырушылары еліміз бойынша қайырымдылықпен айналысатын жандарды іздеді.
«Жыл сайын ұйымдастырушылар комитеті қайырымды адамдар жасайтын тарихтың куәсі болады. Байқасаңыз, алтын жүректі адамдардың қатары толып келеді. Бұл қуантарлық жайт. Жыл сайын қоғамға септігін тигізіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың жан-айқайын құлақтан өткізбей, барынша қамкорлық жасалып, үлкен жұмыс атқарылып келеді. Біз өз кезегімізде осы көмекті жүзеге асыратын қайырымды адармарға алғыс білдіруден шаршамаймыз!» - деп жоба жетекшісі Гүлзат Сахова бөлісті.
Алтын жүрек атына лайық үміткерлерді саралау барысы барлық келіп түскен өтініштер ішінен 4-қазан өткен сарапшылар кеңесінде әр номинация бойынша үш үміткерден анықталды: «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін»; «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін»; «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін»; «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін»; «Қарт адамдарға көрсеткен құрметі үшін»; «Ақпараттық қолдаушы», «Жылдың қайырымды адамы»; «Жыл ұйымы»; «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін»; «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін»; «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін»; «Жыл меценаты».
Шараның маңыздылығы жайында ғалым-медик және Америка Денсаулық сақтау ассоциациясының мүшесі Алмас Шарман да айтып өтті.
«Алтын жүрек» сыйлығымен биыл бірінше рет танысып, үлкен тарихына үңілу мүмкіндігі пайда болды. Бұндай жобалар өте қажет, себебі олар адамдарды игі істерге итермелеп, қоғамды алға қарай жылжытатын мықты күш. Өзім қайырымдылықпен айналысатын болған соң, бұндай жобарлар маған өте қызық. Жалпы, барлық номинацияларды қарастырып, Денсаулық сақтау саласындағы жасалған қайырымды істер көңілімнен шықты» - деп айтып өтті Алмаз Шарман.
Соңғы өткен қоғамдық кеңесте әділ-қазылар мүшелігіне қазақстандық қоғамдық қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Олардың қатарындасаясаткер Расул Жұмалы, "Mary Kay Kazakhstan" Бас директоры Константин Кулинич, бизнес-ханым, қоғам қайраткері, қайырымдылық жобаларының авторы, балаларға арналған "Үй ошағының сиқырлы ертегілері" ертегілерінің авторы Виктория Моминбаева, «Ecо Kultura» ҚК жетекшісі, әлеуметтанушы Алеся Нугаева және т.б қоғам қайраткерлері бар.
Бұндай қайырымдық сыйлықтың қоғамға берері көп екендігін Қоғамдық кеңес мүшелері біріңғай айтып өтті.
«Қазіргі таңда қоғамда адамдар арасында жылулық мен қамкорлық сиректеп барады. Осы мәселелерді қарастырып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қарт адамдар мен ардагерлерге көмектесіп жүрген адамдарды анықтап алып, оларға құрмет көрсету, менің ойымша, өте дұрыс. «Алтын жүрек» сыйлығы - философиясы мен қағидалары жетілген, адамдар арасында насихаттауға тұрарлық мән-маңызы бар үлкен жоба», - деп есептейді жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов.
«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары 2018 жылы 27 қазан күні отандық жұлдыздар мен қоғамдық қайраткерлердің Алматы қаласында марапатталатын болады.
«Алтын жүрек-2018» қоғамдық ұлттық сыйлығының номинанттары:
- «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» номинациясы
- «Damiani» зергерлік бренді (Италия)
- Ольга Батутина и Илья Байгабулов (Москва қаласы, РФ)
- Виктория Акатьева-Костылева (Санкт-Петербург қаласы, РФ)
- «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы
- Ельдар Абдразаков (Алматық.)
- Асылбек Кожахметов (Алматы қ.)
- Samsung Electronics Central Eurasia (Алматық.)
- «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін» номинациясы
- Роза Алимханова (Қарағанды қ.)
- Айнур Тажина (Астанақ.)
- Имангазы Ибатулы (Атырауқ.)
- «Ардагерлерге көрсеткен құрметіүшін» номинациясы
- АО Транснациональная компания «Казхром» (Ақтөбеқ.)
- Сейдахмет Калтаев (Жамбыл обл, Таразқ)
- Сырым Пердебаев (Қарағандыобл, Приозерскқ.)
- «Жыл ұйымы» номинациясы
- БФ «Харекет» (Алматы қ.)
- ОФ «Дети Рисуют Мир» (Алматық.)
- АО «Рахат» (Алматық.)
- «Ақпараттық қолдаушы» номинациясы
- Новостной портал «Tengrinews» (Алматық.)
- Телеканал «КТК» (Алматық.)
- Медицинский портал «www.bestdoctor.kz» (Астанақ.)
- «Жыл меценаты» номинациясы бойынша
- Алпамыс Шаримов (Орал қ.)
- Багдат Самидинова (Алматық.)
- Сергей Глушков (Шығыс Қазақстан обл., Шемонаиха ауданы, Первомайский кенті)
- «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» номинациясы
- МаралИтегулов (Ақтөбеқ.)
- Александр Винокуров (Алматық.)
- Арман Машимов (Шығыс Қазақстан обл., Семейқ.)
- «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін» номинациясы
- Айжан Скакова (Алматық.)
- Экологический проект «Тазалык» (Алматық.)
- Компания «Теле 2 Казахстан» (Алматық.)
- «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы
- Анар Ахметцина (Ақтөбеобл., поселок Кенкияк)
- Андрей Савчук (Астанақ.)
- Гульнар Кабылбекова (Алматыобл., г. Уштобе)
- «Жылдың қайырымды адамы» номинациясы
- Булат Утемуратов (Алматық.)
- Александр Касицын (Павлодарқ.)
- Кайрат Кудайбергенов (Алматық.)
- «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы
- Корпоративный фонд «Смелость быть первым» (Алматық.)
- Нуржан Альжанова (Алматық.)
- АО «Шинхан Банк Казахстан» (Алматық.)