БУРАБАЙҒА ТҮСКЕН БРАКОНЬЕРЛЕР

БУРАБАЙҒА ТҮСКЕН БРАКОНЬЕРЛЕР

БУРАБАЙҒА ТҮСКЕН БРАКОНЬЕРЛЕР
ашық дереккөзі
352
Ақмола облысындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи қорығының Бұланды орман шаруашылығы аумағында полиция қызметкерлері мен орманшылар бірлесіп браконьерлерді ұстады. Ведомствоның мəліметі бойынша, заңсыз аңшылықпен айналысқан күдіктілер Біржан сал ауданының үш тұрғыны екені анықталды. Тексеру кезінде күдіктілердің мылтыққа рұқсаты жəне аңшылық билеті болмаған. «Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 337 бабының 4 бөлігі (заңсыз аңшылық) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оған қоса, мылтық пен еліктің еті тәркіленді. Қоршаған ортаға келтірілген шығын көлемі 1 миллион 800 мың теңгеге бағаланып отыр», деп көрсетілген Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламда. Аталмыш санкция бойынша күдіктілерге ірі көлемде айыппұл салынуы немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, жыл басынан бері Ақмола облысында заңсыз аңшылықпен айналысу әрекеті бойынша 8 оқиға тіркелді.

Серіктес жаңалықтары