Құндыз киімдер құрықталды

Құндыз киімдер құрықталды

Құндыз киімдер құрықталды
ашық дереккөзі
2185
Бүгінде Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты «Алтынкөл» кеден бекетінің шекара маңы халықаралық ынтымақтастығы орталығында жұмыстың ең қауырт шағы десе де болады. Себебі кедендік шекарадан күніне ары-бері өтетін төрт мыңға жуық жолаушыны кедендік тексеруден өткізу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл бағытқа арнайы пойыз бен көлік көптеп қатынай бастағалы қылмыстық әрекеттер жиі тіркеледі. Жолаушылар ішінде тауарды жасырып өткізуге тырысатын небір жымысқы әрекетке бейім адамдар да аз емес. Соның ішінде кедендік баж салығы жоғары болғандықтан қымбат бағалы теріден тігілген тауарларды кедендік бақылаудан жасырып өту фактілері көп кездеседі. Атап айтсақ, жуырда кезекті кедендік тексеру кезінде рентгендік «Рапискан» құралы арқылы үлкен көлемде жасырып өтуге тырысқан құндыз терісінен тігілген әртүрлі бұйымдар тәркіленді. Оның ішінде 25 дана құндыз орамал, 12 дана ерлер бас киімі және 17 дана әйелдер күртешесі бар. Қазіргі кезде ұсталған тауарлардың кедендік құнын анықтау және оған қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесі жан-жақты қарастырылуда.

Серіктес жаңалықтары