538
Ауданда – қазақ өнерінің академиясы
Ауданда – қазақ өнерінің академиясы
Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дәстүрлі қазақ өнерінің академиясы ашылады. Жағымды жаңалықты облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қармақшы ауданының құрылғанына 80 жыл толу мерейтойына арналған шара барысында жергілікті жұртшылыққа жеткізді. «Қармақшы ауданы – барша түркі жұртының абызы, данагөй Қорқыт Ата мекені, Сыр өңіріндегі ежелгі астаналардың бірі – сақтардың ордасы Шірік Рабат шаһары орналасқан қасиетті жер. Балқы Базар, Дүр Оңғар, Жиенбай жырау, Ешнияз сал іргесін қалап, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет Ізтілеуов күмбезін көтерген жыр керуені – Қармақшы жерінің «Жүз шайыр елі» аталуына себеп болды. Жақын арада Қызылорда қаласында аймағымыздың, оның ішінде Қармақшы ауданының мәдени мұрасын заманауи деңгейде дәріптеп, насихаттау үшін аймақта Қазақтың дәстүрлі өнер академиясын ашуды жоспарлап отырмыз», – деді облыс басшысы.