789
Ұлы Даланың жас ұландары
Ұлы Даланың жас ұландары
18 қазаннан бастап отандық прокатқа адам мен бүркіттің достығын баяндайтын толықметражды анимациялық фильм шығады.
Қызықты оқиғаға толы анимациялық фильмге адам баласының бүркітті қолға үйретуі арқау болған. Оқиға желісі бойынша адам мен құс бір-біріне сенім білдіре отырып, бауыр басады. Сонымен қатар, фильмде қазақтың саятшылық дәстүрі де суреттеледі. «Қазақтар бес жасар бүркітті Мұзбалақ деп атайды. Бұл фильмде авторлар бүркіттерді және олармен аңға шығу салтын көрсетуді көздеген. Фильм қазақ тілінде жасалып, орыс тіліне дубляждалды. Кинотеатрларға фильм екі тілде шығатын болады», – деді «Қазақфильмнің» баспасөз қызметінің жетекшісі Айнұр Исаева. Екі жыл көлемінде жасалған бұл фильмде кинематографияның осы жанрында еңбек етіп жүрген 40-қа жуық отандық маман еңбек етті. Ұзақтығы 65 минутты құрайтын мультфильм 2D және 3D форматында көрсетілетін болады.