«Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер байқауы өтеді

«Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер байқауы өтеді

«Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер байқауы өтеді
ашық дереккөзі
814

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ақиық ақын, айтыс өнерінің алтын діңгегі болған Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орайластырыла «Текті сөздің төресі - терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізіледі.

Аталған байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 16 үміткер) қатысады.

Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты жыршылық-термешілік өнерге жаңаша серпін беру арқылы әдеби тілді дамытуға үлес қосу.

Дәстүрлі ұлттық өнердің танымал тұлғаларынан,  ғалымдарынан құралған қазылар алқасы үміткерлердің орындаушылық шеберлігін бағалап, жеңімпаздарды анықтайды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Байқауда танымал жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер, эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Шараға  Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және ел азаматтары қатысады.

Өткізілетін орны:          Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы

Өткізілетін уақыты:     22.10.2015 ж., сағ: 14.00

Ұйымдастыру комитеті 

Байланыс телефондары: 8 (7172) 40 83 93, 87757598718

Серіктес жаңалықтары