Ұйытқыған дауыл, шелектеп құйған жауын

Ұйытқыған дауыл, шелектеп құйған жауын

Ұйытқыған дауыл, шелектеп құйған жауын
ашық дереккөзі
946
Жаһан жаңалықтарына көз тастар болсақ, табиғат апаттарынан зардап шеккен тұрғындар саны күн өткен сайын көбейіп барады. Өткен аптада Италияда жойқын жел мен толассыз нөсерден көз ашпады. Жылдамдығы сағатына 190 шақырымдық дауыл елдегі мыңға жуық ағашты құлатып кеткен. Осылайша сұрапыл дауыл Венето қаласының халқын біраз әбігерге салды. Құлаған ағаштар электр бағаналарын жайпап, 160 мың тұрғын бір мезетте жарықсыз қалды. Апта басынан бері жауған нөсер салдарынан Милича өзені арнасынан тасыған. Жергілікті ақпарат құралдары қаза тапқандар саны артуы мүмкін дейді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 30 адам қайтыс болған. Олардың екеуі бұғанасы қатпаған бала. Венеция орталығының 75 пайызы су астында қалды. Ондағы су деңгейі бір жарым метрге дейін көтерілген. Шығын көлемі – шамамен 1 миллиард еуро. Жергілікті билік осы жағдайға байланысты қауіптіліктің «қызыл» деңгейін жариялады. Италияға қарасты Сицилия мен Сардания аралдарында да су тасқынынан 10 адам көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары