435
Қазақстанның басым аумағында аяз күшейеді
Қазақстанның басым аумағында аяз күшейеді
Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан Қазақстанға жылжыған кең алқапты және күшті антициклон республиканың барлық аймағында айтарлықтай суық тудырды, деп жазды РМК «Қазгидромет».
Жексенбі күні ауа температурасының ауытқуы осы маусым үшін 3...8°С төмен болды, ал солтүстік және шығыс облыстарда 10...15°С төмен болды. Тек қиыр оңтүстік пен оңтүстік-шығыста температураның ауытқкуы оң таңбалы болды. Бірақ антициклонның шығысқа жылжуы мен созылмалы суықтың енуіне байланысты осы аудандарда да алдағы тәуліктерде айтарлықтай суық ауа райы күтіледі.
Сондықтан алдағы үш тәулікте антициклонның әсеріне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде суық және көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Бірақ, 15 қарашада күндіз ауа температурасының аздаған жоғарылауы мүмкін.