Көкшетауда лифті өртеніп, 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Көкшетауда лифті өртеніп, 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Көкшетауда лифті өртеніп, 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды
ашық дереккөзі
345
Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі лифті өртеніп, 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақмола облыстық ТЖД мәліметі бойынша оқиға 13 қарашада түнгі уақыт 22:30 шамасында Васильковка 35 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. «Төтенше жағдайдың салдарынан 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде жетеуі балалар. Зардап шеккендер жоқ.  Өрттің шығуына лифтінің электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды», деп түсіндірді Ақмола облыстық ТЖД ресми өкілі Думан Дəлешов.

Серіктес жаңалықтары