Нұрсұлтан Назарбаев гонг соқты, Биржа сауда-саттығы басталды

Нұрсұлтан Назарбаев гонг соқты, Биржа сауда-саттығы басталды

Нұрсұлтан Назарбаев гонг соқты, Биржа сауда-саттығы басталды
ашық дереккөзі
312
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасында сауда-саттықты ресми түрде бастағалы отырмыз. Осы оқиғаның ұлттық валютамыздың, осыдан 25 жыл бұрын енгізген теңгеміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп отырғанының маңызы бар. 25 жыл бұрын теңгемізді енгізіп, Қазақстанның нағыз экономикалық қаржы тәуелсіздігін орнықтырған болатынбыз», - деді шара барысында Қазақстан Президенті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстанның алтын-валюта қоры 90 млрд долларға жеткенін, экономикамыздың орнықты дамып келе жатқанын баса айтты. «Ертеректе біз телеарналардан Wall Street-тегі жүгіртпе жолдарды көруші едік. Енді міне ол Қазақстанға да келіп жетті және үйде отырып-ақ оны байқайтын боламыз. Мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасындағы алғашқы сауда-саттықты ашық деп жариялаймын. Барлықтарыңызды осынау атаулы күнмен құттықтаймын. Жұмысымызда мұнан ары да зор табыстар тілеймін», - деп атап өткен Елбасы арнайы орнатылған гонг соғып, Биржаның жұмысын іске қосты. Айта кетсек, 2015 жылғы желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты - қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі - ағылшын тілі болады. Тәуелсіз сот, халықаралық арбитражды орталық тараптардың құқықтарының әділетті қаралуын қамтамасыз етеді. АХҚО судьялары ретінде Англия мен Уэльстен келген 9 беделді судья тағайындалды. Оларды Англияның бұрынғы Жоғарғы судьясы лорд Вульф басқарады. Арбитражды орталыққа сонымен бірге тағы 23 халықаралық арбитраж енді.

Серіктес жаңалықтары