304
Қазақстан мен Өзбекстан визалық режим туралы келісім жасасады
Қазақстан мен Өзбекстан визалық режим туралы келісім жасасады
Бұл жайында Шымкентте өтіп жатқан алғашқы өңіраралық ынтымақтастық форумында белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Туризм бойынша өткен панельдік сессияда Ұлы Жібек жолы бойында туризмді дамыту жайы басты назарға алынды. Осы бағытта алда жаңа трансшекарлық тур жүзеге асырылмақ. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан мемлекеттері кіреді. Осылайша, Жібек Жолы бойымен сапар шегетін шетелдіктер Орталық Азияның төрт еліне еркін келуге мүмкіндік алады. "Жобаны іске асыру үшін бірлескен туристік маршруттарды дамыту, авиакомпанияларды, теміржол және көлік коммуникацияларын құру, сондай-ақ жолдардың сапасын белгілеу жұмыстары қолға алынады.
«Бұл турдың бір күндік құны орта есеппен 50 АҚШ долларынан 80 долларға дейін. Әрине саяхатшылардың мүмкіндіктері мен қалауы әртүрлі. Мәселен, өзінің қалтасына қарай 500 АҚШ долларына дейін шығара алады. Ал жалпы, туристер үшін 80 доллардан аспайды», – деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев.