336
Үндістанда 46 адам мерт болды
Үндістанда 46 адам мерт болды
Үндістанның оңтүстігінде «Гаджа» алапат циклоны салдарынан қаза тапқандар саны 46 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Қатты жел мен толассыз жауған жаңбыр салдарынан Тамилнад ауданының жағалауы қирады. Апат болған аумақтан 80 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Циклоннан штаттағы көптеген аудандарда жарық сөндірілді.
1999 жылы Үндістанның Орисса штатында осындай циклон 15 мыңнан астам адамның өмірін қиған еді.