Энергетика вице-министрі Шкарупа қамауға алынды

Энергетика вице-министрі Шкарупа қамауға алынды

Энергетика вице-министрі Шкарупа қамауға алынды
ашық дереккөзі
276
Энергетика министрі өзінің орынбасары Анатолий Шкарупаның қамауға алынғанын растады, деп хабарлайды «Хабар 24». Қанат Бозымбаев оны жұмыстан босату жөніндегі арызды Премьер-министрдің кеңсесі мен Президент әкімшілігіне жолдаған. Айта кетейік, Анатолий Шкарупа 215 млн теңгені жымқыруға қатысы бар деп айыпталып отыр. Қомақты қаржы 2015 жылы Саран қаласына жылу есептегіш құрылғыларын қою үшін бөлінген. Ал шенеунік ол кезде аталған шаһардың әкімі қызметін атқарды. Бұл мәселе жуырда ғана Елбасының қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында көтерілді. Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, Саран қаласында орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ. Есептеуіштерді бос қабырғаға орната берген.

Серіктес жаңалықтары