326
Сауат Мыңбаев "Қазақстан темір жолы" басқарма төрағасы болып тағайындалды
Сауат Мыңбаев "Қазақстан темір жолы" басқарма төрағасы болып тағайындалды
Сауат Мыңбаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев 1962 жылы 19 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданында дүниеге келген. 1985 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "экономист-кибернетик" мамандағы бойынша тәмамдаған, экономика ғылымдарының кандидаты.
Ол 1995-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде министрдің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары, бірінші вице-минстр қызметтерін атқарды. 1998 жылы ҚР Қаржы министрі, 1999 жылы ҚР Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары, 1999 жылы шілдеде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.
2001-2002 жылдар аралығында "Қазақстанның Даму банкі" ЖАҚ-ның президенті, 2002 -2003 жылдары - "Каспий Өнеркәсіп – Қаржылық тобы" ЖШС бас директоры болды.
2003 жылғы маусымнан 2004 жылғы желтоқсанға дейін - ҚР премьер-министрінің орынбасары, 2004 жылдың желтоқсанынан ҚР Индустрия және сауда министрі, 2006-2007 жылдары "Самұрық" Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі холдинг" АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды.
2007-2010 жылдары - ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрі, 2010-2013 жылдары - ҚР мұнай және газ министрі және 2013 жылғы шілдеден бүгінге дейін "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болды.
Мыңбаев ІІІ дәрежелі "Барыс" және "Достық" ордендерімен, медальдармен марапатталған.