ТАРИФТЕР ТАРАЗЫҒА ТАРТЫЛДЫ

ТАРИФТЕР ТАРАЗЫҒА ТАРТЫЛДЫ

ТАРИФТЕР ТАРАЗЫҒА ТАРТЫЛДЫ
ашық дереккөзі
337
Жуырда ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Алматы қаласындағы ірі табиғи монополия субъектілерінің есебін тыңдады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде өткізілген шарада монополистер тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаны қалай орындап жатқаны туралы есеп берді. «Бүгінгі әңгіме бізге бұл мәселеге өте жауапкершілікпен, жан-жақты қарауға, осыны ескере отырып, мәселені шешу жолдарын анықтауға жәрдемдесті. Біз барлық монополистердің тарифті төмендетуіне қол жеткіздік. Дегенмен жүйелі сипаттағы жәйттер де бар, сондықтан олар тарифті жылма-жыл көтермей, тиімді жұмыс істеуді жалғастыруы үшін, бұған керісінше, бұл тарифтерді не бекітуге тырыса отырып, не жаңа технологиялар мен тәсілдерді ескере отырып, төмендетуге тиіспіз», ‒ деді Тимур Сүлейменов.

Серіктес жаңалықтары