Алматыда 24 жастағы әйел ота үстінде қайтыс болды

Алматыда 24 жастағы әйел ота үстінде қайтыс болды

Алматыда 24 жастағы әйел ота үстінде қайтыс болды
ашық дереккөзі
276
Алматыда ота үстінде көз жұмған 24 жастағы әйелдің өліміне қатысты қалалық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құзырлы органның хабарлауынша, екі баланың анасы жекеменшік емханада қайтыс болған. «Өкінішке қарай, бұл мекеме мемлекеттік тегін медициналық көмек аясында жұмыс жасамайды, ақылы түрде қызмет етеді. Пациент жекеменшік емханаға тіркелген. Ол жеке емханаға қарасты жеке перзентханалардың бірінде ота үстінде көз жұмған. Денсаулық сақтау басқармасы жекеменшік емханалардың жұмысын қадағалауға құқылы емес»,- деді басқармадан. Бүгінде адам өліміне қатысты ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті тексеріс бастады. Сонымен қатар, полиция департаменті осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.«Соңғы уақытта жекеменшік емханаларда адам өлімі жиі кездесіп кеткендіктен Алматы тұрғындарына медициналық мекемені таңдауда мұқият болуды ескертеміз»- деді басқарманың баспасөз қызметінен. Айта кетерлігі, соңғы екі жылда Алматыда пластикалық операциядан үш әйел қайтыс болды. Олардың екеуі липосакциядан көз жұмса, біреуі омырауын тарттырмақ болған. Үшеуі де жекеменшік емғанаға жүгінген.

Серіктес жаңалықтары