309
Сот шешімімен «Астана банкі» таратылды
Сот шешімімен «Астана банкі» таратылды
Алматы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты «Астана банкі» АҚ-ны тарату туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Экономикалық сот «ҚР Ұлттық банкі» РМК-ның «Астана банкі» акционерлік қоғамын мәжбүрлі тарату туралы өтініші толық қанағаттандырылсын деген шешім шығарды»,- деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, ҚР Ұлттық банкі қыркүйекте «Астана банкін» лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған болатын.
Орталық реттеуші ұйымы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінде Астана банкінің қаржылық құралдары жоқтығын хабарлады.