Сәләфизм ғалымдары туралы заманауи ғалымдар не дейді?

Сәләфизм ғалымдары туралы заманауи ғалымдар не дейді?

Сәләфизм ғалымдары туралы заманауи ғалымдар не дейді?
ашық дереккөзі
780
Бүгінде қазақ қоғамы 15 жылдан бері жат ағым кесірімен түрлі жұмыстар арқылы күресіп келеді. Олардың қарахалыққа келтіретін кесірлері мен қауіптерін қаншалықты насихаттап, арнайы діни оқу орындары мен ғибадатханаларды ашып жатқанымен жат ағым өкілдерінің саны азайып жатқаны шамалы. Осындай қоғамға үрей  салып отырған керіағар топтың бірі – сәләфзм. Бұл ағымдағы мұсылмандар өзінің агрессиялық, бірбеткейлік, сауатсыздық тұрғысынан танытып үлгерді. Олар үшін қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұлттық болмыс, дүниетаным, мәдениет секілді құндылықтардың мәні жоқ. Олар туралы бұған дейінде көптеген Ислам ғалымдары қарсы пікірлерін білдіріп үлгерген. Ендеше заманауи даңқы әлемге танылған ғалымдардың сәләфилер туралы айтқан пікірлерін оқырман назарына ұсынып көрелік. Рамазан әл-Бути (1929-2013ж.) – Шам ғұламалар кеңесінің президенті болған. Ибн Таймияның көзқарасы біздерге қарама қайшы болғанымен сөз жоқ ол үлкен мужтаһид ғалымдардың қатарында жататынын атап кеткен жөн. Мен жеке тұлға ретінде оны кәпір, бидағатшы, деп санайтын асырасілтеушілерді қатарында емеспін. Алайда, мен оған осындай бейтарап көзқарас танытқаным үшін мені кәпір, деп айыптағандар көп болды. Ибн Таймия Ханбали мәзхабының өкілі. Біздің ойымызша ол ілім жолында қателесті. Мәселен, Ибн Таймия Мұхаммен с.а.у. пайғамбар мешітін зиярат ету бидағат деп үкім айтқандардың бірі еді. Осы тұста оның жолын саламын деп өзін танытқан Мұхаммед ибн Абдул Уаһһабты ерекше атап кетуге болады. Ол Ибн Таймияның жолын жаңғыртушымын дегенімен қатты адасқандардың бірі. Абдул Уаһһаб асырасілтеуші, дінді басқа ағысқа бұрып жіберген адам. Егер ол өзінің адасушылығынан әл-Ақса мешіті мен Мұхаммед с.а.у. пайғамбар қабірін бұзамын десе бұзар еді. Мұхаммед Мутауали аш-Шағрауи (1911-1998ж.) – Мысырдың мойындалған Ислам ғалымы, Ислам құқығы мен мұсылмандар қайырымдылық істері жөніндегі министрі болған. Мұхаммед Мутауали аш-Шағрауи Ибн Баздың қабір бар мешітте құлшылық етуге байланысты айтқан сөзіне жауабы: Мешітте қабір орналасатын болса оның ешқандай айыбы жоқ. Мұхаммед с.а.у. пайғамбар мешітінде пайғамбарымыздың с.а.у. қабірі бар. Әл-Азһар мешітінде де көптеген ғалымдардың қабірлері бар. Бұған тыйым салатындардың дәлелдері нақты емес. Мұсылмандар құлшылық жасау мақсатында мешітке барып намаз оқиды, ондағы қабірге табынбайды. Сондықтан кімде кім қабірге табынады десе ақымақтың сөзі. Сахабалардың өзі пайғамбар с.а.у. мешітінде қабір болсада қанша жыл намаз оқыған. Мешіттің алдында «Бақи» деген мазарат бар. Бұлардың барлығы 14 ғасырдан бері мұсылмандардың құлшылық жасауына ешқандай кедергі келтірген жоқ. Егер кедергі болғанда бұл мәселелер сол уақытта шешімін тапқан болар еді. Тариқ Суайдан – Кувейт жазушысы, тарихшы, ислам ғалымы  Сәләфилер деген терминге көзқарасыңыз қалай? «Сәләф» деген сөздік мағыната «ілгері өткен» деген ұғымды білдіреді. Мен өмірден өткеннен кейін өзімнің немерелеріме «сәләф» бола аламын. Бұл тілдік мағынады. Ал, терминдік мағынада «сәләфилер» деп баршаға белгілі Мұхаммед с.а.у. пайғамбардан кейінгі үш дәуірдегі заманның мұсылмандарын айтар едім. Бұл заманға Ибн Таймия кіре алмайды әрине. Қазіргі уақытта өздерін сәләфия деп жүргендер: «Біз Ислам дінін ұстану барысында, құлшылық етуде нақты дәлелдермен жүреміз», деп  өздерін ерекшелеп, байбалам салады. Біз не сонда дәлелсіз жүреміз бе? Исламды ауадан ұстанамыз ба?. Бізде нақты дәлелдерге, хадистерге сүйене отырып, мұсылмандық парыздарымызды өтейміз. Өкінішке орай қазіргі уақытта басқа мұсылмандар адасқандар, деп араға жік салатын «сәләфизм» атауымен топ шыққаны жасыныр емес. Олар Ашария, Матурудия секілді бағыттарды мойындамайды әрі, оларды адасқан санайды. Ал, бізге мәлім қазіргі уақытта мұсылмандардың 95 пайызы Ашария мен Матурудия бағытын ұстанушылар. Менде бұл жайында Ислам тарихы және қазіргі мұсылмандардың жағдайына байланысты нақты деректер бар. Сонда солардың барлығы адасқандар болып саналады ма? Ақылға қонымсыз!. Олар кімдер сонша 95 пайыз мұсылмандардың үстінен үкім айтатын. Сондықтан мен үшін сәләфилер деген олар көпке тас лақтыратын, мұсылмандар арасына іріткі салатын жалпы, «әһли сунна уал жамаға» арасын бөлуді көздейтін ағым ғана. Және мен мұсылмандардың бөлінуін аса қатты қаламайтындардың қатарындамын. Ахмет Карима – әл-Азһар университетінің шариғат және фиқһ саласының ұстазы Ибн Таймия «Манһаж ас-сунна» кітабында Омар ибн Хаттаб, Әли ибн Әбу Талиб, пайғамбар с.а.у. немерелері Хасан мен Хусейнге тіл тигізгенін мен нақты кітап беттерімен көрсетіп бере аламын. Сәләфилер үшін Ибн Таймия пайғамбар с.а.у. секілді болып қалған. Сонымен қатар Ибн Баз, Шейх Фаузан, Шейх Усаймин Хасан мен Хусейнді күпірлікпен айыптаған және Хусейнді өлтірген адамды мақтаған кездері де болған. Сәләфилердің жоғарыда аталған кісілерге деген теріс көзқарастарын Ибн Таймияның «Манһаж ас-сунна», «Уасиял кубра» және Ибн Жебрейлдің «Дурар ас-сания» деген еңбектерінен көруге болады.

Жалғас АСХАТҰЛЫ, дінтанушы

Серіктес жаңалықтары