Тұңғыш Президент күні: Назарбаевтың сүйікті кітаптары көрмеге қойылды

Тұңғыш Президент күні: Назарбаевтың сүйікті кітаптары көрмеге қойылды

Тұңғыш Президент күні: Назарбаевтың сүйікті кітаптары көрмеге қойылды
ашық дереккөзі
267
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мереке аясында «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» кітап көрмесі мен «Ұлт тірегі - Елбасы» фотокөрмесі ашылды. «Көрмеде кітапхана қорындағы Президент Назарбаевтың Қазақстан туралы, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы кітаптары көрермен назарына ұсынылып отыр. Елбасының тағдыры Қазақстанның және Тәуелсіздіктің тағдырымен тікелей байланысты. Одан бөлек, Назарбаевтың бос уақытында сүйіп оқитын кітаптары да қойылды. Философ Сенекадан Елбасы жиі дәйексөз келтіреді. Сүйікті авторлар тізімінде Абай Құнанбайұлы, Сәкен Сейфуллиндер бар», - деді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының орынбасары Әлия Қожабекова. «Ұлт тірегі - Елбасы» фотокөрмесінде «Казахстанская правда» газетінің фототілшісі Игорь Бургандиновтың, «Айқын» газетінің фототілшісі Айтжан Мырзановтың, «Литер» газетінің фототілшісі Советбек Мағзұмовтың, «Деловой Казахстан» газетінің фототілшісі Талғат Ғалымовтың жұмыстары қойылды. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылдан бері түсіріп келе жатырмын. Өзім әр жылдары  «ҚазАқпарат» агенттігінде, «Столичное обозрение» газетінде, «Қазақстан теміржолшысы», «Столичная жизнь», «Айқын» басылымдарында жұмыс істедім. Жұмыс барысында Президентті түсірген суреттерім көп. Солардың арасынан ең үздік 8 суретімді іріктеп, бүгінгі көрмеге қойды. Жас фототілшілерге айтарым, беделді адамдар қатысатын шараларда уақыт өте тығыз болады. Сол аз уақытта моментті түсіріп үлгеру керек. Кадрда адамдардың көзқарасы және күліп тұрғаны маңызды. Жарықтың дұрыс түсуін де қадағалау керек», - деп кеңес берді Айтжан Мырзанов. Айта кетейік, биыл Қазақстан халқы жетінші рет Республикамыздың Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. 2011 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні деп  белгіленді.

Серіктес жаңалықтары