628
Мемлекет басшысы алдағы 3 жылдық бюджетті бекітті
Мемлекет басшысы алдағы 3 жылдық бюджетті бекітті
Елбасы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Елбасы Ұлттық қордан бюджетке 2019-2021 жылдарға арналған қаражат трансферті туралы заңға қол қойды. Мемлекет басшысы Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің өлшемдері бекітілетін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.