Астана әуежайында жыланның уы бар ампулалармен ер адам ұсталды

Астана әуежайында жыланның уы бар ампулалармен ер адам ұсталды

Астана әуежайында жыланның уы бар ампулалармен ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
290
Астана әуежайында жыланның уы бар ампулалармен шетелге ұшпақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен мәлім еткендей, 59 жастағы Қазақстан азаматы КС-103 «Астана-Киев» әуе рейсімен ұшып шықпақ болған. «Одан 64 ампула «Vipera Levetana» (қарасұр жыланның уы) дәрісі табылып, тәркіленді», - делінген баспасөз хабарламасында. Айта кетейік, қарасұр жылан аса қауіпті жыландардың қатарына жатады. Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда Қызыл кітапқа енгізілген. ҰҚК Шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, соңғы күндері шекарашылар бірнеше өңірде дәрі-дәрмектерді заңсыз алып өту әрекетінің жолын кескен. Мәселен, Зайсан шекара жасағына қарасты «Майқапшағай» өткізу пункітінің шекара наряды 30 қараша күні «Үрүмжі - Зайсан» бағытындағы жолаушылар автобусын тексерген. Оның барысында 1983 жылы туған қазақстандық азаматшаның қол жүгінен жалпы салмағы 11,4 кг қытай дәрі-дәрмегі табылған. «Препараттардың рұқсат қағаздары болмаған. Олар тәркіленіп, Майқапшағай кеден бекетіне тапсырылды», - деді Шекара қызметінен. 29 қараша күні Қазақстанның тағы бір азаматы Қытайдан 3 центнерге жуық дәрі-дәрмекті елімізге алып өтпек болғанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары