«ALMATY ІNVEST» ФОРУМ: 480 млн доллардың келісіміне қол қойылды

«ALMATY ІNVEST» ФОРУМ: 480 млн доллардың келісіміне қол қойылды

«ALMATY ІNVEST» ФОРУМ: 480 млн доллардың келісіміне қол қойылды
ашық дереккөзі
250
Алматыда жыл сайынғы халықаралық «Almaty Іnvest» инвестициялық форумы болып өтті. Оған әр елден келген 500-ден астам делегат, яғни беделді саясаткерлер, әлемдік және қазақстандық бизнес-жетекшілер, инвестициялық корпорациялардың, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты. Алматыда жыл сайынғы халықаралық «Almaty Іnvest» инвестициялық форумы болып өтті. Оған әр елден келген 500-ден астам делегат, яғни беделді саясаткерлер, әлемдік және қазақстандық бизнес-жетекшілер, инвестициялық корпорациялардың, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты. Инвестициялық мүмкіндік пен іскерлік байланыстарды орнатудың тұғырына айналған форумға қатысушыларды құттықтаған шаһар басшысы Б.Байбек бұған дейін өткен форумдарда құны 1 млрд доллар болатын 40-тан астам меморандумға қол қойылғанын, оның ішінде 400 млн долларды құрайтын 12 жобаның жүзеге асқанын атап өтті. – Алматы – Орталық Азиядағы ерекше дамыған мегаполистердің бірі, оның экономикалық ауқымы 35 млрд доллар. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында мегаполис экономикасы 100 есе өсті. Алматы ІЖӨ-нің бес бөлігін, ел салығының тең жартысын береді. Қалаға шетелдік компаниялар инвестициялар  бөлуде.  10 жыл ішінде 22,2 млрд доллардың инвестициясы тартылса, тек биылғы жылдың өзінде инвестиция 21 пайызға артты, оның ішінде шетелдік инвестиция 24 пайызға өскен, – деді Бауыржан Байбек. Қазіргі кезде қала экономикасының 86 пайызын сауда мен қызмет көрсету саласы құраса, шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайыздан жоғары, яғни мұнайға қатысы жоқ тұрақты экономика қалыптасқан. Қалада Қазақстанның салық төлеуші ірі компанияларының үштен бірі, банктер бас офистерінің 90 пайызы, біріккен кәсіпорындар мен ірі халықаралық ұйымдар мекемелерінің 43 пайызы орналасқан. Жақында ғана БҰҰ-ның 14 арнайы агенттіктері хабының жаңа ғимараты ашылды. Қала әкімі мегаполис өз дамуында үздік реформаларды жүзеге асырудың жаһандық үрдісіне және үздік әлемдік тәжірибеге, соның ішінде БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына, ЕЭОҰ-ның стандарттарына сүйенетінін айтты. ПРООН-мен және француздың «Systra» компаниясымен бірге көлік реформасы, америкалық ІDC компаниясымен «Smart Almaty» концепциясы жасалды. Қаланың Шеберлік-жоспары канадалық-америкалық HATCH компаниясының қолдауымен атқарылуда. Қазір Қазақстан халқының 10 пайыздан астамы Алматыда тұрады. Алматылық агломерацияны қоса есептегенде халық саны 3 млн адамды құрайды. Шетелдік сарапшылар 2035 жылға қарай қала тұрғындарының саны 2 есе өсетінін айтып отыр. «Таяудағы 15 жыл ішінде біз жыл сайынғы экономикалық өсімді 5 пайыздан төмендетпеуге, жоғары қосымша құны және экспорттық әлеуеті бар интеллектуалды секторда 700 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға, еңбек өнімділігін 2 есе арттыруға тиіспіз. Біз орталықтандыру принципі бойынша қала тұрғындарын біртіндеп әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етеміз. Келер жылдың басында қаланы дамытудың Шеберлік-жоспары ашық түрде жарияланады. Қаланың әрбір тұрғыны, бизнес өкілдері онымен жете танысып, өз ұсыныстарын айта алады», – деді қала басшысы. Бауыржан Байбек қалада перспективалы секторлар мен құрылыс салу аймақтарының анықталғанын айтты. Жер учаскелерін есепке ала отырып, Түрксіб, Жетісу, Алатау аудандарында құрылыс салу қолға алынбақшы. Болжам бойынша тағы 70 шаршы шақырым тұрғын үй, әлеуметтік және өндірістік офистер, сауда алаңдары салынуы тиіс. Тек биылдың өзінде ғана қалада «7-20-25» бағдарламасы бойынша 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Көлік саласында инфрақұрылымдық жобаларға ерекше мән берілмекші. Қалада 700 мыңнан астам автомобиль бар, сарапшылардың айтуынша көлік кептелісінен Алматы экономикасы күн сайын 600 млн теңге немесе ІЖӨ-нің 2 пайызын жоғалтатын көрінеді. Соңғы 10 жыл ішінде қалада 30-дан астам жолайрықтары салынды. Жақын арада тағы үшеуі іске қосылмақшы, осылайша кіші көлік айналымын қалыптастыру аяқталады. Бұлардан өзге, МЖӘ принципі бойынша Алматының Үлкен айналмалы жолының құрылысы басталды. Бұл ауқымды жобаның жалпы құны 1,4 млрд доллар, ол қаланы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінде көлік торабына айналдырып,  қала жолдарын тәулігіне 40 мың автомобильге дейін босатады. Бұл ірі жоба сервистік компанияларға қомақты инвестициялар әкелуі тиіс. Форумның қорытындысы бойынша, жалпы құны 480 млн доллар болатын меморандумға қол қойылды. Олардың ішіне жаңа дәрі-дәрмек зауыты, «Down town Almaty» қаржы, әлеуметтік және бизнес-орталығын салу көзделген.

Серіктес жаңалықтары