445
Олайнеде өткен жарыс
Олайнеде өткен жарыс
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай, Олайнеде (Латвия) қазақтың зияткерлік ұлттық ойыны – тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Сайысты ҚР Литва және Латвиядағы елшілігі, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы және Олайне қаласы әкімшілігі ұйымдастырды.
Жарысқа 20 спортшы қатысты. Тоғызқұмалақ тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Германия, Чехия, Франция, Швейцария және тіпті Колумбия сияқты әлемнің көптеген елдерінде де танымал. Қазақстанда тоғызқұмалақпен екі жүз мыңнан астам адам шұғылданады. Ал тартысты интеллектуалды және стратегиялық сайыс нәтижесінде ересектер арасында бірінші орын С.Ақтаевқа (Қазақстан), екінші орын Д.Липинаға (Латвия), үшінші орын Д.Козловқа (Латвия) бұйырды. Ал ұлдар арасында бірінші орынды Д.Липин, (Латвия), екінші орынды Д.Козлов, үшінші орынды Д.Раминиш қанжығаға байласа, қыздар арасында бірінші орынды В.Чагина (Латвия), екінші орынды E.Чагина, үшінші орынды M.Гетманюк иеленді. Елшілік пен Федерация жарысты жыл сайын өткізіп, оның ауқымын кеңейтуді жоспарлауда. Латвиядағы тоғызқұмалақ секциясы Л.Азимова басшылығындағы «Логика» интеллектуалды үстел ойындары клубының базасында құрылған. Латвиялықтар Қазақ мәдениеті кеші ауқымында, сондай-ақ, Қазақстанның табиғаты туралы фотокөрме мен ұлттық биді тамашалап, қазақы дастарқан мәзірінен дәм татты. Олар Қазақстан туралы викторинаға қатысып, Президент Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі мазмұнымен танысты. Латвиялық мектеп хоры «Дударай» әнін орындап берді. Тоғызқұмалақтан кезекті V әлем чемпионаты келесі жылы Түркияда өтпек.