309
Жолаушылар пойыздың кешігуін SMS-хабарлама арқылы білетін болады
Жолаушылар пойыздың кешігуін SMS-хабарлама арқылы білетін болады
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жолаушылар пойыздың кешігуін SMS-хабарлама арқылы біліп отыратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
««Қазіргі уақытта сервис деңгейін және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біріншіден әуе көлігіндегі тәжірибеге сәйкес, пойыздардың 3 сағаттан артық кешігуі кезінде жолаушыларды ол туралы хабардар ету жүйесі енгізілуде», деді ҚР ИДМ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев.
Оның айтуынша, қызметті қолдану үшін жолаушылар вокзалдарындағы қызметке немесе www.bilet.ralways.kz сайтына жол жүру құжаттарын рәсімдеу кезінде ұялы телефонының нөмірін қалдыру қажет.
«Пойыз кешіккен жағдайда тасымалдаушының жедел бөлімшесі SMS-хабарлама арқылы хабарлайтын болады. Бұл қызмет тегін. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап толық іске қосылатын болады», - деді ол.