Алматыда жедел жәрдем жүргізушісінің бетіне оқ атылды

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісінің бетіне оқ атылды

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісінің бетіне оқ атылды
ашық дереккөзі
346
Алматыда жедел жәрдем жүргізушісінің бетіне оқ атылды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Алматыда "103" Қызметінің 7/31 жедел жәрдем бригадасының мамандары көмек көрсету кезінде шабуыл жасалған. 11 желтоқсанда "103" пультіне хабар түсті. Фельдшер науқасты үйде қарап жатқан уақытта жедел жәрдем жүргізушісі көлікте отырған. "Куәгерлердің айтуынша, шамамен 20:00-де белгісіз бір жігіт жедел жәрдем каретасының жүргізушісіне келіп, көлікті үйінің алдындағы тұрақтан алып тастауын сұраған. Фельдшер мен науқасты күтіп отырған жүргізуші орнынан кетіп қала алмаған, сондай-ақ автокөлік басқа да автомобильдердің жол қозғалысына еш кедергі келтірмеген. Жігіт үйіне кіріп кетіп, қайта шығып жедел жәрдем жүргізушісіне жақындап жүргізушінің бетіне газбен атылатын тапаншадан бетінен атқан. Жүргізушінің беті күйіп, әр түрлі жарақат алған", - деді Алматы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. Фельдшер науқаспен бірге арнайы көлікке келгенде жүргізушіге алғашқы көмек көрсеткен. Қажетті көмек көрсеткеннен кейін қосымша тағы "103" пультіне хабарласып, екі бригада жіберуін сұраған. Ведомстводағылар шабуыл жасаған ер адам мен куәгер жүргізушіге көмек көрсетпегенін айтады. Зардап шеккен ер адамның халі ауыр болғандықтан оны № 4 қалалық ауруханаға жеткізілді. Оған беті мен мойыны I-II дәрежелі химиялық күйіп қалу диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы орташа деңгеулі ауыр деп бағаланады. "Шыныменде біздің әріптесіміз өз міндетін атқару кезінде зардап шекті. Осы дерекке қатысты мәліметтер құқық қорғау органдарына ҚР заңнамасына сай шара қолдану туралы мәліметтер жіберілді. Бұл бірінші жағдай емес. Жүргізуші де дәрігерлер де аз уақыттың ішінде науқасқа алдын ала диагноз қойып, қажетті көмектесу үшін жанталасып жүретінін ескеру қажет. Сол себепті қала тұрғындарынан өз міндетін атқарып, көмек көрсетіп жүргені дәрігерлердің жұмысына құрметпен қарауға шақырамын", - деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев. 2013 жылыжедел жәрдем қызметкерлеріне екі рет шабуыл жасалды, 2014 жылы - 3 жағдай, 2015 жылы - 4 жағдай (олардың екеуінде жедел жәрдем қызметкерлері ауыр халде ауруханаға жеткізілді), 2016 жылы - 1 жағдай, 2018 жылы - 5 жағдай.

Серіктес жаңалықтары