280
ҚАРЫЗДАР ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ
ҚАРЫЗДАР ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ
Қазақстанда 23 мың адамның 137,7 млрд теңге сомасындағы ипотекалық қарызы қайта қаржыландырылды. ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы екі бөліктен тұрады. Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004-2009 жылдар аралығында ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстанның Ұлттық банкі 130 миллиард теңге бөлген. «2018 жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша, банктер бағдарлама шеңберінде құны 158,3 млрд теңге болатын 25 мың 556 қарызды мақұлдап, 137,7 млрд теңгенің 23 мың 673 қарызын қайта қаржыландырды. Жалпы алғанда құны 236,4 млрд теңге болатын 31 мың 604 өтінім қабылданды», – делінген баспасөз хабарламасында. Бағдарламаның екінші бөлігі доллармен несие алған тұтынушыларды қолдауға бағытталған. Ол ҚР Ұлттық банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамымен 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған ипотекалық қарыздарды теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді. «2018 жылғы 10 желтоқсандағы банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін құны 40,1 млрд теңге болатын 5 мың 131 өтінімді мақұлдап, 27,8 млрд теңгенің 3 мың 845 қарызын қайта қаржыландырды. Барлығы 64,5 млрд теңгенің 6 мың 233 өтінімі қабылданды.