Үздік жобалар марапатталды

Үздік жобалар марапатталды

Үздік жобалар марапатталды
ашық дереккөзі
477
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Арыңды таза ұста» үздік әлеуметтік ролигі республикалық байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Байқау Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп ұйымдастырылып, былтырғы жылы тұңғыш рет өткізілген еді.Шығармашылық сайыстың тақырыбы – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Сайысқа барлығы 200-ден астам жұмыс түскен. Солардың ішінен бірінші орынды – Көкшетаудан Нұржан Балахметова, екінші орынды – Оралдан Динара Кендірбаева, үшінші орынды – Павлодар облысынан Константин Петях иеленді. Олардың бәрі де – креативті ойлайтын жастар. Жүлдегерлерге ақшалай сыйлық берілді. «Жастардың арасында отаншылдық қасиеттер мен азаматтық белсенділікті дамыту біз үшін өте маңызды. Сыбайлас жемқорлық сияқты құбылысты түбегейлі жою – біздің ортақ мақсатымыз. Еліміздің жастары осы бағытта белсенділік танытуда. Барлық алаңдарды мейлінше пайдалана білген абзал», – деп мәлімдеді партия хатшысы Илья Теренченко. Жүлдегерлер болса өз қабілеттерін іске асыруда қосымша мүмкіндіктерге жол ашатын технологияларды дамытудың маңыздылығын атады. Мысалы, Динара Кендірбаева Инстаграмда өз бейнеблогын жүргізеді. Өз сөзінде ол жастар үшін осындай байқаулардың маңызы зор екенін атап өтті. Нұржан Балахметов бүгінгідей мобильді уақытта бір минут ішінде (роликтердің ұзақтығы 60 секундтан аспауы тиіс) көп дүниені көрсетуге болатынына тоқталды. Аталған үш бейнематериал алдағы жылы партияның ресми сайтында таратылып отырады. «Арыңды таза ұста» сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған республикалық байқау жыл сайын өткізілетін болды. Оның жүлделік қоры артып, жеңімпаздарды таңдау партия сайтында электрондық дауыс беру арқылы жүзеге асырылмақшы.

Серіктес жаңалықтары