1283
Каспий теңізінің жағалауына демалыс лагері салынады
Каспий теңізінің жағалауына демалыс лагері салынады
Атырау облысының Исатай ауданында Каспий теңізінің жағалауына демалыс лагері салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Исатай ауданының әкімі Марат Мұрзиев Забұрын ауылының маңында 500 гектар аумаққа лагерь салу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалып жатыр.
«Жобаның іске асырылуы өңірдегі туризм мен курорт бизнесін дамытуға серпін береді. Тіпті жабайы жағалау жағдайында да, инфрақұрылым атаулының нышаны болмаса да, экологиялық жағынан тиімді осы жерге келіп демалатындар аз емес. Олар тек біздің облыстың тұрғындары ғана емес, сырттан келетіндер де бар. Егер мұнда лагерь салынып, Атырау - Астрахан автожолы жөнделетін болса, туристердің қалай ағылып келетінін ойлай беріңіздер», - деді Марат Мұрзиев.