Түркия-Израиль: жанжал неден шықты?

Түркия-Израиль: жанжал неден шықты?

Түркия-Израиль: жанжал неден шықты?
ашық дереккөзі
528
Осы аптада Түркия президенті мен Израиль премьер-министрі арасында ұрыс-керіс өрбіді. Биньямин Нетаньяху мен Реджеп Тайып Ердоған бір-біріне ауыр айып тағып отыр. Түркия президенті Станбұлда Арнавуткой ауданының топтық ашылу рәсіміне қатысып, Израиль басшыларының Палестинадағы араб халқына қарсы жасаған ауыр қылмысын, сондай-ақ, түрік оқушыларына Нетаньяхудың тәртіп сақшыларына «жерде жатқан әйелдер мен балаларды ұрып-соғуға» бұйрық бергенін айтты. «Мұсылман ретінде біз бұған жол бермейміз. Егер де олардың күші бізге жетсе, біз оларға тиісінше сабақ береміз», – деді Түркия президенті. Сонымен қатар, Реджеп Ердоған: «Нетаньяху, сен қателесіп, басқа есіктің қақпасын соқтың. Ердоған – жәбірленушілердің үні, сен – залымдардың дауысысың. Сен мемлекеттік терроризм жасайсың. Израиль есеп бермейінше өз күнәсінен, жасаған қырғындардан, қиратқандарынан құтыла алмайды», – деді. Осы мәлімдемеден кейін Түркия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Мевлют Чавушоғлу Нетаньяхуға «мыңдаған жазықсыз палестиналықтардың өліміне кінәлі суыққанды жауыз» деген айып тақты. Израиль премьер-министрі де үндемей қалған жоқ. «Ердоған – Түркияның іші мен сырт жағында орналасқан мыңдаған күрді әйелдері мен балаларын қарулы күшпен өлтіріп, Солтүстік Кипрді жаулап алушы, сондықтан оның Израильге ешқандай ақыл айтуға қақысы жоқ», – деді Нетаньяху. Кейінірек Түркия президенті қашықтықтағы жанжалды жалғастырып, Нетаньяхуды мемлекеттік терроризм саясатын қалыптастырушы деді. Бұл жолы да Израиль премьер-министрі лезде жауап қатып, өзінің түрік әріптесінің троллингіне күнделікті түсетінін айтты. «Ол Израильден басқа ешкімді көрмей қалған. Бірақ қазір жағдай жақсарды. Бұрын Ердоған әр екі сағат сайын шабуылдаушы еді, қазір алты сағат сайын ғана тиісетін болды», – деді Нетаньяху. Екі ел басшыларының ауызша қақтығысы Газа шекара аймағындағы Израиль әскерінің оқ жаудыруынан кейін туындаған. Өткен жұма күні, 21 желтоқсанда Израиль шабуылынан төрт палестиналық қаза тауып, 40-тан астам адам ауыр жарақат алған, оның ішінде екі журналист бар.

Серіктес жаңалықтары