Қайырымдылық – асыл қасиет

Қайырымдылық – асыл қасиет

Қайырымдылық – асыл қасиет
ашық дереккөзі
701
«Жас Отан» жастар қанатының Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданындағы мүшелері өңірдегі соғыс және тыл ардагерлерінің, жалғызбасты қариялардың үйіне барып, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қолғабыс етуде. Қыс уақыты кезінде ауладағы қарларын күреп, отын-суларын тасып, жаз айларында қора-қопсыларын тазалап, үйлеріне тазалық жұмыстарын жүргізіп келеді. Осындай көмектің бірі «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында Сайқын ауылының тұрғындары, тыл еңбеккерлеріне көрсетілді. «Мен жалғыз өзім болғандықтан, қыруар шаруа жиналып қалады. Жастардың титтей де болсын сол жұмыстарды азайтуға септігін тигізіп жатқанына қуанамын. Жастардың істегені білінбейді. Барлығына ризамын», – деп ризашылығын білдірді тыл ардагері Ұлғаным Жұмағалиева. Жастардың бірі есік алдындағы қарды тазаласа, енді бірі қарияның қысқы отынын әзірлейді.  «Қарттарға көмектесу игі іс деп ойлаймын. Әсіресе, жалғыз тұратын қарттар біздің көмекке мұқтаж және осындай игі істерді істей береміз. Біздің ауданда  көптеген  ардагер бар. Жыл басынан бері ауыл жастарының ұйым мүшелері қариялардың үйіне барып, сенбілік ұйымдастырып келеміз», – дейді жастар. Осылайша, өскелең ұрпақ ұлт тарихына өлшеусіз үлес қосқан қарттарға көмектесу арқылы өз бойларында мейірімділік пен ізеттілікті қалыптастырып келеді.  «Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымды адам қашанда тура жолда жүріп, адамгершілік қасиеттерді бойына жұмылдырады. Қайырымы кең қазақ сынды халықтың әр баласы мен әр ұрпағы қол ұшын тигізіп, көмек беруге дайын тұрған. Осындай игі істерді бөкейлік жастар да әр уақыт қолға алып, ауылдың жалғызбасты қариялары мен мүгедек жандарына  әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетіліп келеді», – дейді партиялық аға тәлімгерлер.

Серіктес жаңалықтары