Украинада әскери жағдай аяқталды

Украинада әскери жағдай аяқталды

Украинада әскери жағдай аяқталды
ашық дереккөзі
327
Украинада енгізілген әскери жағдайдың уақыты аяқталды. Ел президенті Петр Порошенко бұл тәртіпті созбайтындығын мәлімдеді.Украина басшысы өңірдегі жағдайға қарамастан Азов теңізіндегі кемежайлардан бас тартпайтындығын айтты, деп хабарлады «Хабар 24». Сондай-ақ оның айтуынша, елдегі әскери жағдайды созбауына 31 наурызда өтетін президент сайлауы сеп болған. «Украина Азов теңізіндегі порттар мен әскери кемелерінен ешқашан бас тартпайтынын сеніммен айтқым келеді. Халықаралық заң және құқық біздің жақта. Осы қолдау арқылы барлық дипломатиялық қадамға бара аламыз. Егер алдағы сайлау болмағанда Жоғарғы Рададан әскери жағдайды созуды сұрайтын едім. Дегенмен, әскери тәртіп кезінде ел қауіпсіздігін қорғау үшін көптеген игі істер жасадық», – дейді Украина Президенті Пётр Порошенко. Айта кетейік, Украинада әскери жағдай қараша айында енгізілген еді. Оған себеп Керчь бұғазында ресейлік шекарашылардың украиндық үш кемені тұтқынға алуы себеп болған. Киевте бұл жағдайды агрессиялық акт деп тапты. Ал Мәскеу сайлау алдында Порошенконың рейтингісін көтеру үшін әдейі жасалған араңдату деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары