Әншінің әйнек мұздан жасалған мүсіні

Әншінің әйнек мұздан жасалған мүсіні

Әншінің әйнек мұздан жасалған мүсіні
ашық дереккөзі
914
Көкшетау қаласының мұз қалашығында Димаш Құдайбергеннің мүсіні пайда болды. Мұздан жасалған композицияның алдыңғы бөлігінде микрофон ұстаған Димаштың мүсіні тұр. Ал оның артында қанатын жайған аққулар бейнеленген. Композиция авторы көкшетаулық белгілі суретші және мүсінші – Манарбек Бұрмағанов. «Әншінің шығармашылығынан, әсіресе оның Ресейде орындаған «Любовь уставших лебедей» әнінен шабыт алған Манарбек Бұрмағанов Көкшетауда осындай мүсін жасауды шешті. Идея жергілікті деңгейде қолдау тапты. Манарбек халықаралық байқауларға үнемі қатысып тұрады. Өткен жылы шақырту бойынша Ресейде жұмыс істеді. Бірнеше рет Алматыда мүсіндер жасады», – дейді ҚР Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы Юрий Попов.

Серіктес жаңалықтары