1 қаңтардан бастап Қазақстанда сырттай оқу жабылды

1 қаңтардан бастап Қазақстанда сырттай оқу жабылды

1 қаңтардан бастап Қазақстанда сырттай оқу жабылды
ашық дереккөзі
341
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда сырттай оқу тоқтатылды. Осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев сырттай оқудың неліктен жойылғанына түсінік берген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл мәселеге қатысты ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда жоғары білімді «part-time» жүйесі бойынша алуға болатынын мәлім етті. «Біз «part-time» институты қажет екенін көріп отырмыз. Осының қажеттігін сезініп отырған азаматтар бар, себебі өмірде түрлі жағдайлар туындайды. Алайда бұл институт өзгертіледі. Қазіргі кезде тиісті нормативтік-құқықтық база дайындалып жатыр. «Part-time» арқылы білім беруге болады, бірақ біршама түзетулер ескеріледі. Біріншіден, олар міндетті түрде 65 емес, яғни білім стандартына сәйкес тиісті бағдарлама бойынша кредиттердің көлемінен 100 пайызын оқитын болады. Екіншіден, біз қашықтықтан оқытатын технологияларды пайдаланамыз. Ол үшін прокторингтің арнайы жүйесін әзірлеу қажет», - деді вице-министр баспасөз мәслихатында. Оның сөзіне қарағанда, сырттай оқитын студенттер күндізгі бөлімдегі қатарластары иегеріп жүрген көлемнің 65 пайызға жуығын қамтиды. Дегенмен де олар бірдей дипломдарды алады және нарықта олардың қайсысы білімін сырттай меңгергенін білмей жатады. Сонымен қатар, вице-министр 2018 жылы бұрынғы норма бойынша білім беру жалғасатынын, сәйкесінше, ЖОО-лар студенттерді дәстүрлі жүйемен қабылдай алатындығын нақтылады. Мұнымен қоса, аталған форма аясында оқып жатқандар да дипломдарын алғанша оқуларын жалғастырады. А. Аймағамбетов сырттай білімді тоқтату қадамына тоқтала келе, аталған формаға 2010 жылдан бастап ішінара тыйым салынғанын жеткізді. Мәселен, сырттай оқуға жоғары білімді екінші мәрте алатындар немесе ұлттық біліктілік шеңберінің үшінші деңгейіндегі колледж түлектері түседі. Соның өзінде, көп мамандықтар олар үшін қолжетімсіз. Мысалы, медицина, ветеринария, құрылыс және басқа бағыттар.

Серіктес жаңалықтары