Әлемдегі ең ірі мұз фестивалі ашылды

Әлемдегі ең ірі мұз фестивалі ашылды

Әлемдегі ең ірі мұз фестивалі ашылды
ашық дереккөзі
276
Қытайдың Харбин қаласында әлемдегі ең ірі мұз фестивалі ашылды.Қалада 600 шаршы метрге созылған мұз қалашығы пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұнда зәулім үйлер, биік мұнаралар, көпірлер, ғибадатханалар, тіпті неке сарайы да бой көтерген. Барлығы қар мен мұздан жасалған. Мүсіншілер жұмыстарына желтоқсан айының ортасынан кіріскен болатын. Қалашықты салуға қажетті мұз бен қар Сунгари өзенінен әкелінген. Қызықты фестиваль ақпан айының ортасына дейін жалғасады. Айта кетейік, Харбин - Ресейлік Сібірге жақын орналасқан қала. Бұл Қытайдағы ең суық аймақтың бірі болып саналады. Онда ауа температурасы қыста минус 35 градусқа дейін төмендейді.  

Серіктес жаңалықтары