291
Британия парламенті Brexit бойынша 15 қаңтарда дауыс береді
Британия парламенті Brexit бойынша 15 қаңтарда дауыс береді
Ұлыбритания парламентіндегі қауымдастық палатасы Брекзит келісімін 15 қаңтар күні дауысқа салады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы «Скай Ньюз» телеарнасы хабарлады. Бұған дейін Корольдік премьер-министрі Тереза Мэй үкіметтің бірнеше салада жаңа шешімдер қабылдайтынын айтқан болатын. Соның ішінде Солтүстік Ирландия мәселесі, Брюссельмен келіссөз кезінде парламенттің ықпалын күшейту және Еуроодақ тарапынан қосымша кепілдіктер алу мәселелері қарастырылған. Айта кетейік, қараша айында Брюссель мен Лондон Брекзит шарттарына қатысты келісімге келген еді. Дегенмен, корольдіктің қауымдастық палатасы оның кейбір тұстарын қайта қарау керектігін айтып, Тереза Мэйге қысым көрсетіп жатыр.